Жаңалықтар

«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жазаланды

Алматыда адамдарды қорлаған «ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz қалалық дін істері жөніндегі басқарманың (ДІЖБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БАСҚАРМА МӘЛІМЕТІ

Аталған басқарма мәліметінше, өзін «ұстаз» санайтын Нұржан Смағұлов азаматтарды қорлайтын материалдар таратқан.

«Өзін діни «ұстаз» деп таныстыратын Н.Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған. Нақты айтқанда оларды «сиырларға» теңеген», – делінген хабарламада.

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Аталған факті бойынша ДІЖБ қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

«Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.

Back to top button