Үсік, найзағай және қатты жел: 11 мамырға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің бірқатар өңірінде үсік, жаңбыр, найзағай және екпінді жел болуы мүмкін.

Қазгидромет 11 мамыр, дүйсенбіге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, топырақ бетінде 2°C үсік, күндіз +8…+10°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай. Жел 3-8 м/с, кейде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +16…+18°C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 4-9 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, топырақ бетінде 1-3°C үсік, күндіз +10…+12°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C (үсік), күндіз +8…+10°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с, кейде екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C (үсік), күндіз +12…+14°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, дауылды жел. Жел 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел түнде 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C (үсік), күндіз +8…+10°C.
Семейде күн бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C.
Талдықорғанда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +15…+17°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел. Жел 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, түнде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең тұман, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C.
Өскеменде бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 7-12 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C.