Жаңалықтар

Үсік, жаңбыр және 30 градус ыстық: 2 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Сәрсенбі, 2 қыркүйекте Қазақстан өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен орталықта түнгі үсік күтілсе, шығыс пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал батыста күндізгі температура 30 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік пен орталықта үсік жүреді

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +1…+3 градусқа дейін төмендеп, топырақ бетінде үсік жүреді. Күндіз +15…+17 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы түнде секундына 7–12 метр, күндіз 2–7 метрге жетеді.

Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Сынап бағаны түнде –1…–3 градусты көрсетіп, үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +14…+16 градусқа дейін көтеріледі. Жел екпіні секундына 15–18 метрге жетуі мүмкін.

Көкшетау мен Петропавлда түнде 0…+2 градус болып, топырақ бетінде үсік күтіледі. Күндіз екі қалада да +16…+18 градус жылы болады. Жауын-шашын болжанбайды.

Павлодарда тұман түсіп, түнде ауа температурасы +3…+5 градус болады. Топырақ бетінде үсік жүруі ықтимал. Күндіз +14…+16 градус жылы болады.

Қостанайда жауын-шашынсыз, түнде +5…+7, күндіз +23…+25 градус болады. Жезқазғанда түнде +3…+5, күндіз +20…+22 градус күтіледі.

Семейде жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5, күндіз +12…+14 градус болады.

Өскеменде де жаңбыр жауады. Түнде +2…+4, күндіз +12…+14 градус күтіледі. Жел екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.

Алматыда жаңбыр, Атырауда 30 градус ыстық

Алматыда күн құбылмалы бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +20…+22 градус болады.

Қонаевта жауын-шашынсыз, түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус күтіледі. Талдықорғанда түнде тұман түсіп, ауа температурасы +3…+5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +20…+22 градус жылы болады.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус ыстық болады. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Таразда түнде +12…+14, күндіз +23…+25 градус болады. Түркістанда түнгі температура +15…+17, күндізгі температура +26…+28 градусқа жетеді. Екі қалада да екпінді жел күтіледі.

Қызылордада шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +25…+27 градус болады.

Атырауда күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +12…+14, күндіз +28…+30 градус ыстық болады.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +27…+29 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтауда ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбеде түнде +9…+11, күндіз +27…+29 градус болады.

Оралда да жауын-шашын болжанбайды. Сынап бағаны түнде +9…+11, күндіз +27…+29 градусты көрсетеді.

Back to top button