$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Астана көші-қон қызметі бұрынғы бастығының ұсталғаны рас па – ҰҚҚ жауап берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қалалық көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталуы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Махметов пен Мақаева қылмысының байланысы бар ма

Әлеуметтік желілерде Астана Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығының қолға түскені туралы ақпарат тарады. БАҚ беттерінде оның Астана қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваның үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысы болуы мүмкіндігі хабарланды. Мұның алдында Мақаеваның ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

ҰҚК не деді

Дегенмен ҰҚК Махметовтің қолға түсуі мен Мақаеваға қатысты қылмыстық істің өзара байланысы бар-жоғын әзірге нақтылаған жоқ.
ҰҚК баспасөз қызметі Махметовтің ұсталуы бойынша сұраққа берген жауабында қазірг сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Back to top button