Жаңалықтар

Ұлытауда жұмысшылар ереуілге шықты

Қазақмыс компаниясының кеніш жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартып, жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды Tizgin.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

ҰЖЫМҒА ҚЫСЫМ БОЛДЫ МА

Бұған дейін әлеуметтік желілерде “Қазақмыс” жұмысшыларының көшеге шыққаны көрсетілген видео тарады. Онда қызметкерлер жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту туралы талаптар айтқан. Сондай-ақ шахтерлер жалақыны 50%-ға арттыруды және компанияның өндіріс жөніндегі вице-төрағасы Саят Бакировты қызметінен босатуды талап еткені айтылған. Жұмысшылардың сөзінше, наразылыққа соңғы кадрлық өзгерістерден кейін ұжымға қысымның күшеюі де себеп болған.

Кейін компания жұмысшылардың бұл наразылығына байланысты ашық диалогқа шықты. Онда тараптар жұмысшыларды толғандырған бірнеше сұрақты талқылады. Көтерілген барлық ұсыныстар мен бастамалар белгіленген тәртіпке сәйкес әрі қарай қарастыру үшін қабылданған.

КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Корпорация өкілдерінің айтуынша, жұмысшылардың негізгі шағымдары ұзақ жылдар бойы жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты болған. Осыған байланысты компания басшылығы инвестициялық бағдарламаны кеңейтіп, оны жеделдетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін күшейту және жұмыс жағдайын жақсарту бағытында қосымша шаралар қабылданбақ.

Қазір кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік процестер бекітілген жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

Back to top button