ЖаңалықтарОқиға

Ұлытау облысындағы той кортежі: Жүргізушілерге қандай жаза қолданылды

Автокөліктер колоннасы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған.

Ұлытау облысында үйлену тойының кортежіне қатысушылар жауапқа тартылды. Бұл туралы Tizgin.kz порталы Polisia.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жәйрем кентіндегі мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойына байланысты ұйымдастырылған автокөліктер колоннасының жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғанын анықтады.

Той қонақтарына бірнеше құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың қатарында қарсы жолаққа шығу, жолда апатты жағдай туғызу және қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізу бар.

Нәтижесінде барлық автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция өкілдері ең әдемі үйлену тойының кортежі де жолды қауіпті трюктер жасайтын алаңға айналдыруға құқық бермейтінін еске салды.

Back to top button