Ұлыбританияда үш автономия өзін-өзі билеу құқығын мәлімдеді
Биылғы қыркүйек айы Біріккен Корольдік тарихында қалатын секілді. Кардифф қаласында Солтүстік Ирландия, Уэльс және Шотландия көшбасшыларының бас қосуы “брекзиттен” кейінгі Британия болашағын талқыға салған саяси оқиғаға айналды, деп хабарлайды Tizgin.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Алғашқы ауқымды басқосу
Аталған үш елдің бірінші министрлері Джон Суинни, Рун ап Иорверт және Мишель О’Нил Кардиффте әр ұлттың өзін-өзі билеп, Ұлыбританиядан тәуелсіз болу құқығын, сонымен қатар ЕуроОдаққа мүше болуға бағытталған бағдарын бекітетін бірлескен меморандумға қол қойды.
Жиын Уэльс астанасында өтті. Оған ирландиялық “Шинн Фейн” ұлтшыл партиясының жетекшісі Мэри Лу Макдональд та қатысты. Бұл – Ұлыбританияның төрт бөлігінің үшеуінде үкімет басына SNP, Plaid Cymru және “Шинн Фейн” секілді ұлтшыл партиялар келгелі мұндай ауқымдағы алғашқы басқосу.
Құжатта не делінді
Қатысушылар Лондонды “әр юрисдикциядағы конституциялық өзгерістерге дайындалуға, оларды жоспарлап, ықпал етуге” шақырды.
“Вестминстер дәуірі аяқталып келеді”, – делінген қол қойылған құжатта.
Премьер-министр бастаманы қолдамады
Баспасөз мәслихатында Джон Суинни мен Мишель ОʼНил таяу алдағы Біріккен Корольдік құрамынан шығу туралы референдумдар өткізуге үндеді.
Меморандумда жаңартылатын энергия көздері мен “неғұрлым қуатты әрі әділ экономика” құрудан бастап, Еуропамен байланыстарды бекітуге дейінгі ортақ мүдделерді көздейтін тәжірибелік салаларда ынтымақтастық орнату ниеті бекітілген.
Құжатқа қол қойылғаны туралы деректер тараған соң Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бёрнемнің баспасөз хатшысы Belfast News Letter басылымына үкімет басшысының Солтүстік Ирландия, Шотландия және Уэльсте тәуелсіздік туралы референдумдар өткізуді қолдамайтынын мәлімдеген.