Жаңалықтар

Украинадағы соғысқан Қазақстанның тағы бір азаматы сотталды

Qazaqstan Media басылымының жазуынша, 25 жастағы Евгений Люфт 2025 жылы ақпанда Ресейге кетіп, әскери даярлықтан өткеннен кейін Луганскта, Бахмут түбіндегі шайқастарға қатысқан.

Люфттың украин күштеріне қарсы шайқастарға қатысқанын оның қатарласы (ол да сотталған, жазасын өтеп жатыр) растаған. Былтыр сәуірде Люфт минадан жарақат алып, ауруханаға түскен. Шілдеде демалысқа шыққан соң Қазақстанға кетіп қалған. Шекарадан өтер кезде ұсталған.

Люфт сотта кінәсін мойындамай, Ресей азаматы ретінде әрекет еттім деген мәлімдеген. Заңға тартылғанын азаматтықтан бас тартатынын растап бермеген Қазақстанның көші-қон қызметінен көрген.

Сотта адвокаттар сотталушыны “ақыл-ой кемістігі бар” деп жауапкершілікпен алып қалмақ болған. Алайда психиатр да, кешенді сараптама да оның денсаулығы мен ақыл-ойы түзу екенін растап берген.

Қазақстан азаматын Қызылжар соты қылмыстық кодекстің 172-бабы (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша кінәлі деп тауып, 6 жылға соттады.

Back to top button