Украинадағы соғыс аумағынан Қазақстанның 13 азаматы босатылды – заңгер
Заңгер Мейірман Шекеев Украинадағы соғыс аумағынан Қазақстанның 13 азаматы босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Заңгердің айтуынша, олардың елге оралуына еш кедергі жоқ.
“Осы маңызды шешімге ықпал еткен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, азаматтарымыздың елге оралуына атсалысқан Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне және барлық құзырлы мемлекеттік органдарға ата-аналар атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ қиын сәтте қолдау көрсетіп, азаматтарымыздың тағдырына бейжай қарамаған барша жанға ризашылығымызды білдіреміз. Ең басты тілегіміз – балаларымыздың елге аман-есен оралып, туған-туыстарымен қауышуы”, – деді Мейірман Шекеев.
Бірнеше күн бұрын Украинадағы соғысқа әкетілген жастардың ата-аналары ҚР СІМ ғимараты алдына жиналып, мұң-зарын айтқан еді. Балаларына сұрау салған ата-аналар Сыртқы істер министрлігі алдында журналистерге өз жағдайларын айтып берді.
Соғысқа әкетілген қазақтар
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны Сымбат Келдібек бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Келдібекті Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған.
Кейін бірнеше азаматтың өз жағдайын айтып, соғысқа әкетілгені жатқаны турасында видеосы тараған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі не дейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинада соғысқа әкетілген Қазақстан азаматтары жөнінде бұған дейін мәлімдеме жасаған. Сыртқы саяси ведомство олардың туған-туыстарынан өтініш келіп түсіп жатқанын, жағдай бақылауда екенін атап өткен.
Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz
ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz
ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz
ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған. Ал кеше Ресейге Украинадағы соғысқа аттандырылғалы жатқан Алмаз Қайсар атты азамат тағы көмек сұрап, дабыл қаққан. Полигонда жүрген ол соғысқа алып кету үшін бар-жоғы үш күн қалғанын айтты.