Астаналықтарды аяз күтіп тұр: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Астанада алдағы күндері ауа райы салқындап, түнгі температура 7 градус аязға дейін төмендейді. 22 қазанда жаңбыр аралас қар жауып, жел күшеюі мүмкін. Ал келесі екі күнде жауын-шашын күтілмейді. Бұл туралы Tizgin.kz порталы синоптиктердің болжамына сілтеме жасап хабарлайды.
22 қазан: жаңбыр аралас қар жауып, жел күшейеді
Бейсенбі, 22 қазанда елордада көшпелі бұлтты ауа райы болжанады. Кей уақыттарда аздаған жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, екпіні кей уақыттарда 15–18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус шамасында болады.
23 қазан: елордада аяз күшейеді
Жұма, 23 қазанда Астанада жауын-шашын күтілмейді. Аспан көшпелі бұлтты болады.
Жел солтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, жылдамдығы секундына 5–10 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы −3…−5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз термометр бағаны 0…+2 градусты көрсетеді.
24 қазан: түнде 7 градусқа дейін аяз болады
Сенбі, 24 қазанда елордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түнде ауа температурасы −5…−7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2…+4 градусқа дейін көтеріледі. Осылайша, алдағы үш күнде Астанада түнгі ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Әсіресе 23 және 24 қазанда түнде аяз күшейеді.