$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45
Жаңалықтар

Экс-министр Асқар Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалды,  деп хабарлайды Tizgin.kz.

Асқар Омаровтың өмірбаяны

Асқар Қуанышұлы Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін бітірген. Қазіргі уақытта ОКҚ-ның ресми сайтында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры ретінде көрсетілген.

Еңбек жолын 1997 жылы Республикалық мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми орталықта маман болып бастаған. 1998–1999 жылдары «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман, 2001–2005 жылдары «Новости недели» газетінде тілші болды. 2005–2006 жылдары «Қазақстан» РТРК-ның «Астана» телеарнасы филиалындағы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросын басқарды.

2008–2010 жылдары «Нұр-Медиа» ЖШС-де директордың орынбасары қызметін атқарды. 2011–2013 жылдары Түркі академиясының вице-президенті, 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры болды. 2016–2017 жылдары қоғамдық қорды басқарды.

2017–-020 жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры, 2020 жылдан 2021 жылғы тамызға дейін агенттіктің басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2021 жылғы тамызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 2022 жылғы 11 қаңтарда осы министрліктің басшысы болды.

2022 жылғы 2 қыркүйекте Асқар Омаров Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалған. Күні кеше осы қызметтен кетті.

Back to top button