$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Украина Қазақстаннан өз азаматын Ресейге бермеуді сұрады

Украинаның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан жағына қайырылып, өзінің немересін алуға Астанаға барып, ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Украин консулдары Рожанскаяға кіріп шығуға рұқсат сұраған. Алдын ала рұқсат та алған деп айтылады. Дипломаттары украин азаматтарының адвокаттарыемен байланыста отыр.

“Қазақстан тарапы жағдайдың мән-жайын әділ қарастырып, ұсталған Украина азаматының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз”, – деп жазылған Украина сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан билігі өзінің немересін Украинаға алып кетпек болған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны ұстаған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Ресейде оны бала ұрлауға әрекеттенді деп айыптаған.

Insider-дің жазуынша, Рожанская “Ресейде заңсыз тұрып жатқан” балалардың тізімінде бар немересін алып кету үшін Астанаға келген. Ол бұл жөнінде Ресейдегі туыстарымен алдын ала келіскен деп айтылады.

Back to top button