TOP-2Жаңалықтар
Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлау үшін қанша қарыз алғанын айтты

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлау үшін қанша несие алғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кәсіпкер 100 пәтерді 2,5 млрд теңгеге сатып алатындай көп ақшасы болмағанын айтады.
“5 млн доллар деген көп ақша. Менде ондай сома болған жоқ. Бірақ менің әлеуметтік кәсіпкерлік жауапкершілігі болды. Егер басқа адамдар келісе алмаса, олар үшін мен барам деп шештім. Мен құрылыс иелеріне менде қазір 500 млн теңге бар, соны берейін, ал қалған соманы қарыз ретінде беріңдер, олар үшін кейін есептесемін деп уәде еттім. Былтыр 26 мамырда пәтерді бердік. Егов пен ХҚО арқылы қазір 100 пәтер азаматтардың атына аударылды”, – дейді Динара Сәтжанға берген сұхбатында.