Түркия әскери мүлкін Қазақстан арқылы өткізуге рұқсат алды
Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы транзитіне рұқсат беретін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ НЕ ДЕЙДІ
Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысында мақұлданды. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтың айтуынша, енді Түркияның әскери ұшақтары мен жүктері келісім негізінде Қазақстан әуе кеңістігі арқылы өте алатынын мәлімдеді.
«Транзит жылдық немесе бір реттік рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Әр мемлекет сұранысты қабылдамауға, сондай-ақ берілген рұқсаттың күшін тоқтатуға немесе жоюға құқылы», – деді қорғаныс министрінің орынбасары.
ТРАНЗИТТІ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ТОҚТАТУҒА БОЛАДЫ
Мұстабеков Қазақстан кез келген сәтте қауіпсіздікке қатер бар деп санаса, әскери транзитті тоқтата алатынын атап өтті. Рұқсат берер алдында ұшақтың түрі, тасымалданатын жүк, оның көлемі және борттағы әскери қызметкерлер саны тексерістен өтеді.
Сондай-ақ ол бұл келісім бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейтінін айтты. Сонымен бірге, құжат Қазақстанның халықаралық операцияларға, соның ішінде бітімгершілік миссияларға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.