$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Туристер қар барысын кездестірді: ерекше сәт видеоға жазылып қалды

Тауда 3 барыс бейнекамераға түсірілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде қар барысы кездесті. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тауда күтпеген кездесу

Сирек жыртқышты таулы бағыттан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Ерекше сәт бейнекамераға түсірілді.

«Қар барысы – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауындағы сирек жануар. Оның табиғи мекен ету ортасында кездесуі таулы экожүйенің сақталғанын және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсететін маңызды белгі», – деп жазылған хабарламада.

Қар барысы кездессе не істеу керек

Жабайы жануарды кездестірген жағдайда оған жақындамау, соңынан қумау, шу шығармау және қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажет.

Жамбыл облысында қар барысы алғаш рет бейнетұзаққа түсті

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында қар барысы алғаш рет бейнетұзаққа түсіп қалғаны туралы жаздық. Бұл – Жамбыл облысы аумағында қар барысының бар екендігін ресми түрде растаған алғашқы дерек. Қар барысы 4 қаңтар күні Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында тіркелген.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button