Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіру бойынша ірі мәміле жасады – БАҚ
Financial Times газетінің дереккөздері АҚШ президентінің ұлдары Эрик Трамп пен кіші Дональд Трамп Қазақстандағы вольфрам өндіретін компанияның үлесін сатып алғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Басылым мәліметінше, Дональд Трамптың ұлдары Қазақстандағы тау-кен өндіру компаниясының үлесін сатып алмақ, бұл компания АҚШ тарапынан 1,6 млрд доллар көлемінде қолдау алған.
«Кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп қолдау көрсететін компания былтыр Қазақстанда вольфрам өндіру үшін АҚШ үкіметінен 1,6 млрд долларға дейін қолдау алған аса маңызды минералдарды өндіретін компаниялар тобымен бірігуге келісті», – делінген жазбада.
Мәмілемен таныс үш адамның айтуынша, ағайындылар тамыз айында Skyline Builders құрылыс тобынан үлес сатып алған. Бұл үлес Dominari Securities еншілес компаниясы басқаратын арнайы компания арқылы рәсімделген. Инвестиция көлемі жария етілмеген.

Эрик Трамп бұл жөнінде сұрақ жолдаған Trump Organization және American Bitcoin компанияларына жолданған сауалдарға жауап бермеген. Сондай-ақ Ақ үй де басылымның сұрауына жауап қатпаған.
Еске салайық, 2025 жылғы қазанда беделді Bloomberg басылымы Дональд Трамп командасы Қазақстандағы вольфрам кен орнына қол жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншілес ұйымы саналатын «Тау-Кен Самұрық» компаниясы «Солтүстік Қатпар» вольфрам кен орнындағы 70% акциясын сату туралы келісім жасасты. Енді ол америкалық Cove Kaz Capital Group компаниясына тиесілі.