Жаңалықтар

Трамп жарлығынан соң Онтарио көлінің атауы “Америка көлі” деп өзгерді

АҚШ президенті Дональд Трамптың 27 тамыздағы жарлығынан соң Google Maps сервисі Онтарио көлінің атауын “Америка көлі” деп өзгертті, хабарлайды Tizgin.kz

Премьер-министр не дейді

Мәлім болғандай, енді көл атауы қолданушының орналасқан жеріне қарай көрсетіледі. АҚШ-тағы қолданушылар үшін ол “Америка көлі” деп жазылады. Канадада тарихи атауы ретінде “Онтарио көлі” деп сақталған. Ал басқа ел тұрғындары үшін картада екі атау қатар көрсетіледі: “Онтарио көлі (Америка көлі)”.

Канада премьер-министрі Марк Карни Онтарио атауының байырғы уэндат халқы тіліндегі Ontari’io сөзінен шыққанын еске салды. Ол бұл атаудың 400 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған және АҚШ пен Канада құрылғанға дейін қолданылғанын алға тартты.

“Трамп оны қалағанынша атай алады”

29 тамыз күні Канаданың Онтарио провинциясының премьері Даг Форд көлдің Канада жағалауына ағылшын және француз тілдерінде «Онтарио көлі: қазір де, әрқашан да» деген жазуы бар билборд орнатты.

Президент Трамп оны қалағанынша атай алады. Алайда әлемнің қалған бөлігі бұл көлді әрқашан Онтарио көлі деп атайтынына сенімдімін, – деді Даг Форд.

Back to top button