$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ол бұл қызметке 2024 жылғы сәуірде тағайындалған болатын.

Батырбек Әбдішев 1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары шекаралық командалық училищесін тәмамдаған.

1995-2024 жылдар аралығында Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарды.

Әбдішев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарған кезеңде азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту және министрлікті цифрландыру бағыттарына жетекшілік етті. Ол мемлекеттік наградалармен, соның ішінде «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button