Төрт кісіні өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсәмәлиев сот залына жеткізілді
Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жангелдин ауылындағы отбасы өлімі бойынша алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Atyrau.today-ке сілтеме жасап.
КЕШІРІМ СҰРАМАҒАН
Сондай-ақ тараптарға қылмыстық іс материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде.
Қаза болғандардың туыстарының айтуынша, Сәрсемәлиевтер отбасы ресми түрде кешірім сұрамаған. Зардап шеккен тарап соттан әділ шешім шығаруды талап етіп отыр.
МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ НЕ ДЕЙДІ
Көз жұмған Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы Асыла Мұқанғалиеваның сөзінше, отбасы үшін қайғылы жағдайды объективті түрде тергеу маңызынан бөлек, Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты істің әділ қаралуы да басшылыққа алынуы қажет.
Іс материалы сотта қаралып жатыр, ал соңғы шешім тергеу нәтижелері бойынша шығарылады.