TOP-2Жаңалықтар
Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Астанаға ресми сапармен келеді
26-27 ақпан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.