Жаңалықтар

Тоқаев спортшы Рахмоновқа көңіл айтты

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

“Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!” – делінген жеделхатта.

Жақында аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов қайтыс болған еді. Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.

Back to top button