Рейхстагқа ту тіккен майдангерге “Халық Қаһарманы” атағы берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) “Халық қаһарманы” атағы беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайд Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен “Отан” ордені тапсырылды”, – делінген хабьарламада.
Кенжебай Мәденов – Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл Армияның қазақ офицері және лейтенанты. Ол 1945 жылдың сәуірінде Берлинге шабуыл жасап, соңғы шайқастарда ерекше ерлік көрсеткендердің бірі болды.
Кенжебай Мәденов 1943 жылдың қарашасында майданға шақырылған. Қызметінің алғашқы айларында жараланған, бірақ емделгеннен кейін қызметке қайта оралған. Маденов Берлин үшін шайқаста екінші рет жараланған. Қиын жағдайларға қарамастан, небәрі 20 жасында ол атқыштар взводын басқарды.
Мәденов естеліктеріне сәйкес, оның взводы Берлин қалалық әкімшілігіне алғашқылардың бірі болып кірген. Атыс кезінде сарбаздар ішке кіріп үлгерген. Күмбезге көтеріліп, нацистік Германияны жеңуді білдіретін қызыл туды көтерген.
Майдангер 1974 жылы бақилық болды.