Геосаясат

Тоқаев: Қазақ пен қырғыз – бауырлас халық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа жылы қабылдауы және осы бейресми кездесуді ұйымдастыру бастамасы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

– Қырғыз халқы – қазақ халқы үшін бауырлас ел. Біз бәріміз – бір туған ағайын халықпыз. Біздің арамызда қалыптасқан достық, сенім, туысқандық және өзара қолдау – ата-бабамыздан өсиет болып қалған қасиетті аманат әрі мәңгі құндылық. Қазіргі таңда біз Қырғызстанның қарқынды дамуына куә болып отырмыз. Сіздер қол жеткізіп жатқан әр жетістікке шын жүректен қуанамыз. Қырғыз елінің өсіп-өркендеуі – Орталық Азияның тұрақтылығы мен баянды дамуының маңызды кепілі. Бұл құрметті Президент Садыр Нұрғожаұлы Жапаровтың табанды еңбегі мен көреген басшылығының арқасы екені сөзсіз, – деді Қазақстан Президенті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми сапармен Қырғызстанға баратыны жайлы жазғанбыз.

Back to top button