$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Тоқаев пен Путин Үндістанда бейресми кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Нью-Делиде бейресми кездесті. Ресей тарапының мәліметінше, кездесуге Путин бастамашы болған, деп хабарлайды Tizgin.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Путин Тоқаевты әңгімелесуге шақырған

Екі ел басшысы БРИКС саммитіне қатысушы көшбасшылар мен делегацияларға арналған салтанатты қабылдаудан кейін кездескен. Интерфакстың жазуынша, бейресми әңгімелесу туралы ұсыныс сол жерде туындаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кездесудің болғанын растады.

«Президент (Тоқаевты) жай ғана бейресми әңгімелесуге шақырды», – деді Песков.

Әңгіме барысында қандай мәселелер қозғалғаны туралы мәлімет берілмеген.

Тоқаев Нью-Делиде бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиге бір күн бұрын БРИКС саммитіне қатысу үшін барған.

Сапар аясында Қазақстан президенті Әбу-Дабидің тақ мұрагерімен және АҚШ-тың арнайы өкілімен де кездесті.

Back to top button