TOP-2Жаңалықтар
Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Смадияровтың жазуынша, Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атаған.
“Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды”, – делінген хабарламада.