TOP-1Жаңалықтар

Тоқаев «Конституцияны талқылауға неге аз ғана уақыт жұмсалды?» деген сынға жауап берді

Ақорда Мемлекет басшысының журналистерге берген жауабын жариялады. Соның бірінде ол жаңа Конституцияны дайындап, талқылауға неге аз ғана уақыт жұмсалды деген сұраққа жауап берген.

«Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсат – осы», – деген Тоқаев.

Back to top button