Тоқаев жастарды әскерге шақыратын жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес қаулы етті, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.
ҚАШАН ЗАПАСҚА ШЫҒАРЫЛАДЫ
Қаулыға сәйкес, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылуы тиіс.
– Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жасқа дейінгі азаматтар 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын, – делінген қаулыда.
ТОҚАЕВ ТАҒЫ НЕНІ МІНДЕТТЕДІ
Сондай-ақ, Президент Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыруын міндеттеді.