ЖаңалықтарСпорт

Тоқаев Испания Королін әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент Испания құрамасының жетістігін жоғары бағалады

«Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі, – деп жазылған жеделхатта.

Тоқаев «Атлетико Мадрид» академиясын атап өтті

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл бастама екі ел халықтары арасындағы достық пен көпқырлы ынтымақтастықты нығайтып, жастар арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге ықпал етеді.

Испания халқына ізгі тілегін жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына табыс тілеп, достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Back to top button