Жаңалықтар

Тоқ соғып, өртенген гараждың ішінде қалған: Шахтинскіде жасөспірім көз жұмды

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында қайғылы оқиға болып, бір жасөспірім көз жұмды. Тағы екі бала күйік алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға 19 мамыр күні Молодежная көшесіндегі гараждардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер мотоциклге құю үшін бензинді металл канистрден пластик ыдысқа құйып жатқан. Сол сәтте ыдыстар арасында ұшқын пайда болып, бензин буы тұтанып кеткен.

Өрт бір сәтте балалардың бірін толық шарпып, ол оқиға орнында қаза тапты. Қалған екі жасөспірім түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Мамандар бензинді пластик ыдысқа құю өте қауіпті екенін ескертеді. Пластикте статикалық электр жиналып, ұшқын шығуы мүмкін. Бұл жанармай буының тұтануына апарып соғады.

Back to top button