TOP-2ЖаңалықтарПікір
«Толқып тұрмын – сенесіздер ме?»: Айдос Сарым екі партияның бірігетіні туралы
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Президент 2019 жылдан бері философиялық, саяси үдерісті бастап кеткенін айтты.

Amanat партиясының кезекті XXVI Съезіндегі кулуарда мәжіліс депутаты Айдос Сарым пікір білдірі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Қимастық бар. Толқып тұрмын десем – сенесіздер ме? Байқасаңыздар, 2019 жылдан бері Президент үлкен философиялық,, саяси үдерісті бастап кетті. Ол қоғамға жік салған, алауыздық тудырған, халықты бөлетін құбылыстарды, ұжымдарды, ұйымдарды жауып келе жатыр. Ол билік пен қоғам арасын жақындатып келе жатыр», – деді мәжіліс депутаты Айдос Сарым.
Ол жаңа кезеңді бастағанда осындай қадамға бару да дұрыс екенін айтты.