TOP-2Жаңалықтар
Tizgin.kz тілшісі «Шапағат» медалімен марапатталды

Tizgin.kz порталының Шығыс Қазақстандағы тілшісі Әділхан Есімханов “Шапағат” медалімен марапатталды.
Әділхан Есімханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша “Шапағат” медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Әділхан Есімханов бірнеше жылдан бері Өскемендегі облыстық “Менің Өлкем” газетінде еңбек етеді. Осы газетке қарасты Buqara.kz сайтының бас редакторы. Өлкедегі өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамның мүддесіне қызмет етіп жүрген тілші.
Әріптесімізді “Шапағат” медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!