Жаңалықтар

Теміртауда тоқ соққан үш бала ауруханаға түсті

Теміртауда құрылыс алаңында үш баланы ток соқты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға 22 сәуірде болған. Балалар допты алмақ болған кезде оқшауланбаған кабельге тиіп кеткен. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Полиция барлық мән-жайды анықтау үшін «салғырттық» бабы бойынша тергеу ісін бастады.

Back to top button