ГеосаясатЖаңалықтар

Мұнай қайта қымбаттады: Brent бағасы $100-дан асты

Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған шабуылдардан әлемдегі негізгі мұнай өндіруші өңірлердің бірінен шикізат тасымалдау тәуекелдері артты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бағадағы өзгеріс

Мәлім болғандай, Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,33%-ға өсіп, барреліне 101,53 долларға жеткен. Ал америкалық WTI мұнайы 1,26%-ға қымбаттап, 89,39 долларды көрсетті.

7-қазан, яғни сәрсенбіде мұнай бағасы төмендеген болатын. Бұған Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) мұнай қорларын босатуды жеделдетіп, дизель отынын жеткізуге басымдық беру туралы шешімі әсер етті. Аталған шаралар Иран қатысқан соғыс салдарынан жанармай бағасының рекордтық өсуі аясында қабылданған.

Дегенмен қазан айында АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы сегізінші айға созылғанда, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау қаупі қайта өршіді.

Танкерге жасалған шабуыл

Бір апта бұрын Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдар саны Иранмен соғыс басталғалы ең жоғары деңгейге жетті. Бұдан бөлек, экипаждар мен жүктер үшін шығындар мен тәуекелдер де өсті.

Соңғы жағдайлардың бірінде Катар елінің солтүстігінде мұнай танкеріне бірнеше снаряд тиген. Салдарынан адамдар ажал құшып, жарақат алған. Бұл жайында сәрсенбі күні Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) мәлімдеді.

 

Back to top button