Таяу Шығыстағы соғыстан кейін Brent маркалы мұнай күрт қымбаттап кетті
Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейген тұста ICE биржасында Brent маркалы шикі мұнай бағасы 13%-ға өсті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мұнай бағасы 2025 жылдың 23 маусымынан бері алғаш рет барреліне 81 доллардан асып, 81,79 доллар деңгейінде саудаланды.
Кейін баға өсімі сәл баяулап, мұнай барреліне 79,4 доллар деңгейінде саудалана бастады.
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Израиль мен АҚШ бүгін Тегеранға қарсы алдын ала соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Times of Israel басылымы. Иранның IRNA ақпарат агенттігінің дерегінше, Тегеранның орталығында жарылыстар естіліп, қала үстіне екі түтін бағаны көтерілген.
«Израиль мемлекеті Иранға превентивті соққы жасады. Соның салдарынан жақын арада Израиль мемлекетіне қарсы зымырандық және ұшқышсыз аппараттармен жасалатын соққы күтіледі», — деп келтіреді телеарна министрдің сөзін.
Кац елде төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлімдеді. Ал Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сиреналар қосылғанын және тұрғындарға паналау орындарының маңында болу қажеттігі жөнінде хабарламалар жіберілгенін хабарлады.
Иран Израиль соққы жасаған соң АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады.
Арада аз уақыттан кейін Иранның мемлекеттік телеарналары елдің көшбасшысы – аятолла Әли Хаменеи қаза болғанын растады.