OPEC+ жексенбі күні өтетін кездесуде мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 411 000 баррельге арттыру мәселесін қарастыруы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне келіссөздерге жақын екі дереккөз хабарлаған. Жаңа түзетуге Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс себеп болып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сауд Арабиясы мен БАӘ сенбі күні Иранға жасалған америкалық-израильдік соққылар салдарынан мұнай нарығында туындауы мүмкін іркілістердің алдын алу үшін экспорт көлемін арттырды.
OPEC+ құрамына кіретін сегіз ел – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы және оның одақтастары: Алжир, Ирак, Қазақстан, Кувейт, Сауд Арабиясы, Ресей, БАӘ және Оман бүгін, яғни 1 наурызда кездеседі.
Бұған дейін сегіз елдің сәуір айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 137 000 баррельге қалыпты түрде арттыруға келісуі ықтимал екені хабарланған еді. Бұл түзету жазғы сұранысқа дайындық аясында жүргізілген болатын. Сұраныстың артуы автокөлік сапарлары маусымымен және АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауы мүмкін деген күтулер аясында мұнай бағасының өсуімен байланысты болды.
28 ақпан, сенбі күні басталған Иранға шабуылдан кейін мұнай экспорттаушы елдер түзетуді ұлғайту жағына қарай өзгертуге шешім қабылдады – тәулігіне 411 мың баррельге дейін деген шешім қабылданды. Бұл бастапқы жарияланған көлемнен үш есе көп. Басылым дереккөздерінің бірі өсім бұдан да жоғары – тәулігіне 548 000 баррельге дейін болуы мүмкін екенін айтқан.
Еске салсақ, OPEC+ құрамындағы сегіз мемлекет 2025 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейінгі кезеңде өндіру квоталарын тәулігіне шамамен 2,9 миллион баррельге арттырған. Бұл әлемдік сұраныстың шамамен 3 пайызына тең. Кейін маусымдық төмендеу себепті 2026 жылдың қаңтарынан наурызына дейін квоталарды одан әрі ұлғайту тоқтатылған.