TOP-2Жаңалықтар
Таяу Шығыстағы соғыс басталғалы Қазақстанның 7300-ден астам азаматы елге оралды
Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылған.
“Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр”, – дейді ол.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста отыр.