Жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын тағы төмендетті

Геосаяси ахуал күрделене түссе де, жұма күні мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Баға қандай

31 шілде таңертеңгі мәліметке сәйкес, Brent маркалы мұнай баррелі шамамен 89,45 доллардан саудаланып жатыр. Ал WTI маркалы мұнай бағасы – 83-84 доллар аралығында.

Reuters агенттігі бейсенбі күнгі сауда-саттық барысында мұнай бағасы құбылып тұрғанын хабарлаған. Нарық қатысушылары Қызыл теңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігін күшейту турасындағы бастаманы бағалаған соң мұнай жеткізіліміне қатысты алаң едәуір бәсеңдеді.

Сарапшылар не дейді

Сөйтсе де, Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс мұнай нарығына ықпал етіп отырған негізгі фактор болып отыр. Сарапшылар пікірінше, өңірдегі тұрақсыздық мұнай бағасы құбылмалылығына әлі де ықпал етіп отыр.

Back to top button