Танымал спорт журналисі Ғалым Сүлеймен қайтыс болды

Белгілі спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Сүлеймен 51 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Журналисті бұған дейін жедел жәрдем қызметі реанимацияға жеткізген. Қайғылы жағдай туралы спорт журналисі Аян Төлеген хабарлады.
Ғалым Сүлеймен жайлы не белгілі
Ғалым Қамашұлы Сүлеймен 1975 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Ол журналистикадағы еңбек жолын 1996 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы ретінде бастады. Бұл басылымда 2004 жылға дейін қызмет атқарды.
2004 жылдан бастап «Спорт KZ» газетінің бас редакторы болды. Ғалым Сүлеймен президент стипендиясына ие болған. Сондай-ақ Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Ғалым Сүлеймен отандық спорт журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, көрермен мен оқырманға спорт жаңалықтарын кәсіби әрі тартымды жеткізе білді.