Жаңалықтар

Талдықорғанда 4 жастағы бала екінші қабаттан құлап кетті

Ауыр жарақат алған бала ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға медициналық мекеме баспалдағында болған. Бала екінші қабаттан құлап, миынан жарақат алды. Бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, ол жерде ота жасалды. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр деген.

Анықталғандай, аталған жайттан соң ғимаратта жедел жұмыс қолға алынып, қосымша тосқауылдар орнатылған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция ақпаратына сәйкес, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген мәліметте.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, полиция басқа ақпаратты жариялаудан бас тартты.

Back to top button