Архивы зорлық - Tizgin kz

«Ұятты желеу етуді доғару керек»: Наташа Қалымбетова полицияға жүгінді
Осыдан 32 жыл бұрын жыныстық зорлыққа ұшыраған Наташа Қалымбетова полицияға қайта үндеу жасап, өз ісін қайта тергеуді сұрады. Сондай-ақ ол жыныстық қылмыстарға қатысты ескіру мерзімін қайта қарау қажет екенін айтты. Бұл туралы Tizgin.kz хабарлайды.

«Менің жағдайымнан кейін заң өзгереді деп үміттенемін»

Наташа Қалымбетова әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде көп жыл бойы іздеген қызын тапқанын айтып, енді өзіне қатысты қылмыстық істің әділ тергелуін талап етті.

Оның пікірінше, жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеуге қанша уақыт өткені кедергі болмауы керек.

«Әдетте Қазақстанда балалар өздерінің биологиялық ата-аналарын іздейді. Ал мен қызымды өзім іздеп, өз күшіммен таптым. Енді Қазақстан полициясынан менің ісімді қолға алуды сұраймын. Заңды өзгерту керек», – деді ол.

Ол қоғамдағы «ұят» түсінігіне де тоқталды. Әйелдің айтуынша, көп жағдайда жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандар жұрттың сөзінен қорқып, басынан өткен жағдайды жасыруға мәжбүр болады.

«Менің оқиғам Қазақстанда «ұят» деп жасырын қалған басқа жағдайларды тоқтатуға себеп болады деп үміттенемін», – деді ол.

Қызымен қауышқан ана

Таяуда Қалымбетова қызын іздеп тапқанын хабарлады. Анасы мен қызының туыстық байланысын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізілген.

Енді ол өз ісіне құқықтық баға беріліп, кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайды. Сонымен қатар жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың ескіру мерзімін қайта қарауды ұсынып отыр. Айта кетейік, аталған қылмыс бойынша ескіру мерзімінің қолданылуы қылмыстың саралануына, жасалған уақытына және сол кезеңде күшінде болған заңнамаға байланысты анықталады.

Құқық қорғау органдары Наташа Қалымбетованың жаңа үндеуіне қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Осыдан 32 жыл бұрын жыныстық зорлыққа ұшыраған Наташа Қалымбетова полицияға қайта үндеу жасап, өз ісін қайта тергеуді сұрады. Сондай-ақ ол жыныстық қылмыстарға қатысты ескіру мерзімін қайта қарау қажет екенін айтты. Бұл туралы Tizgin.kz хабарлайды.

«Менің жағдайымнан кейін заң өзгереді деп үміттенемін»

Наташа Қалымбетова әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде көп жыл бойы іздеген қызын тапқанын айтып, енді өзіне қатысты қылмыстық істің әділ тергелуін талап етті.

Оның пікірінше, жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеуге қанша уақыт өткені кедергі болмауы керек.

«Әдетте Қазақстанда балалар өздерінің биологиялық ата-аналарын іздейді. Ал мен қызымды өзім іздеп, өз күшіммен таптым. Енді Қазақстан полициясынан менің ісімді қолға алуды сұраймын. Заңды өзгерту керек», – деді ол.

Ол қоғамдағы «ұят» түсінігіне де тоқталды. Әйелдің айтуынша, көп жағдайда жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандар жұрттың сөзінен қорқып, басынан өткен жағдайды жасыруға мәжбүр болады.

«Менің оқиғам Қазақстанда «ұят» деп жасырын қалған басқа жағдайларды тоқтатуға себеп болады деп үміттенемін», – деді ол.

Қызымен қауышқан ана

Таяуда Қалымбетова қызын іздеп тапқанын хабарлады. Анасы мен қызының туыстық байланысын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізілген.

Енді ол өз ісіне құқықтық баға беріліп, кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайды. Сонымен қатар жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың ескіру мерзімін қайта қарауды ұсынып отыр. Айта кетейік, аталған қылмыс бойынша ескіру мерзімінің қолданылуы қылмыстың саралануына, жасалған уақытына және сол кезеңде күшінде болған заңнамаға байланысты анықталады.

Құқық қорғау органдары Наташа Қалымбетованың жаңа үндеуіне қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сообщение «Ұятты желеу етуді доғару керек»: Наташа Қалымбетова полицияға жүгінді появились сначала на Tizgin kz.

30 жыл бұрын зорланғанын айтқан Наташаның қызы АҚШ-тан келіп, ДНК тапсырмақ
Наташа Қалымбетова Батыс Қазақстанда осыдан 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бұл күнде соттасып жүр. Ол бұған дейін 17 жасында 4 ауылдасы тарапынан зорланғанын айтқан. Кейін осы қайғыны өмір бойы жүрегіне жүк қылып, шетелде өмір сүрген. Бүгін ол өз ісі жайлы қуанышты жаңалықты айтып, өз үні билікке жеткенін, орнынан қозғалмаған іс бойынша сең бұзылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Наташа Қалымбетова не дейді

Төрт айдан бері жан жарасын қозғап, желіде өз проблемасын көтерген Наташа іс өлі нүктеден қозғалғанын айтады. Сөзінше, өзі тапсырған биоматериал АҚШ-тағы қызымен сәйкестестіндіру үшін сол елге жеткізілген. Енді Наташаның америкалықтар асырап алған қызы биоматериалдарын тапсырады. Содан кейін қызы АҚШ-тан Қазақстанға келеді.

“Сол себепті маған АҚШ-қа барудың қажеті қалмады. Мен іс сотқа қашан жететінін күтемін. Соттасып, дәлелдеп, бәрін көрсетіп, сотта жеңгім келеді. Біздің үніміз жетті. Бірнеше жыл бұрын мен және мен қатарлы әйелдердің, қыздардың үні билікке жетті ме? Дәл қазір үнімізге құлақ аса бастады. Сталкинг жайттары бар. Бірнеше жыл бұрын қазақтар ондай қылмыс, ол үшін жаза барын білген де жоқ. Мені ренжітті. Енді жетеді. Әділеттілік бар. Президент үнімді естіді”, – деді Наташа Қалымбетова.

Қалымбетованың оқиғасы

Наташа Қалымбетованың 30 жыл бұрын болған қылмыс туралы әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Видео авторының айтуынша, оқиға осыдан 30 жыл бұрын, ол кәмелетке толмаған кезде және өңірдегі елді мекендердің бірінде тұрғанда болған. Әйел бірнеше ер адамның зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлім еткен. Ол бейнежазбада ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарына жүгінбегенін және елден кетіп қалғанын айтқан еді. Кейін шетелге көшіп кеткен.

Оның сөзінше, жарияланымнан кейін полиция өкілдері онымен байланысқа шыққан. Әйел Қазақстанға келіп, кінәлілерді жауапқа тартуды көздеп отыр.

Сообщение 30 жыл бұрын зорланғанын айтқан Наташаның қызы АҚШ-тан келіп, ДНК тапсырмақ появились сначала на Tizgin kz.

Жамбыл облысында екінші сынып оқушысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды
Тергеу материалдарына сәйкес, қыздың ата-анасы үйде болмаған кезде ер адам жалған сылтаумен үйге кірген. Сол уақытта үйде көзі көрмейтін қарт атасы, екінші сыныпта оқитын қыз және бесікте жатқан сәби болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үйге сылтау айтып кірген

Оқиға облыстағы ауылдардың бірінде болған. Тергеу мәліметінше, отбасының туысы үйге Wi-Fi желісінің құпиясөзін сұрау сылтауымен келген. Ата-анасы болмаған сәтті пайдаланған ол қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Қыз анасына болған жайды айтып берген

Ер адам қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сол күні кешке қыз ауырсынғанын айтып, болған жағдайды анасына жеткізген. Осыдан кейін анасы полиция шақырған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы диваннан биологиялық іздер мен микроталшықтардың үлгілерін алған.

Ер адамның кінәсі дәлелденді

Тергеу барысында жиналған дәлелдер мен сараптама қорытындылары ер адамның кінәсін толық дәлелдеді. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сообщение Жамбыл облысында екінші сынып оқушысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды появились сначала на Tizgin kz.

32 жыл бұрын зорлық көрдім деген әйел Тоқаевтан көмек сұрайды
Осыдан 32 жыл бұрын бірнеше жігіт зорлады деп мәлімдеп жасаған Наташа Қалымбетованың айтуынша, төрт ай бұрын басынан өткен оқиғаны баяндап бергеннен кейін полиция әйелді Қазақстанға шақырды. Жазған арызы тіркелгенімен, ешқандай нәтиже болмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«ҚЫЗЫМНЫҢ ҚАЙДА ЕКЕНІН БІЛМЕЙМІН»

Оның сөзінше, куәгерлер мен дәлел жоқ деген желеумен іс әлі бір орында тұр.

«Сол ер адамдардың әрекетінен 1995 жылы дүниеге келген қызым қазір жалғыз дәлелім болып тұр. Болжамдарға сәйкес, қызым дін-аман, Америкада тұрып жатыр», – дейді әйел.

Енді ол президенттен істі жеке бақылауына алуын сұрап отыр. Сол арқылы Қазақстанда күн сайын болатын зорлық әрекетін тоқтатқысы келетінін жеткізді.

«Мұндай жағдаймен 32 жыл бұрын ұшырастым. Қызымның нақты қайда екенін білмей өмір сүріп келемін», – дейді Қалымбетова.

ОҚИҒА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ДА ҚАЙТЛАЛАНҒАН

Әйелдің сөзінше, оқиға ол 17 жаста болғанда тіркелген. Ол кезде Наташа Батыс Қазақстан өңіріндегі ауылда анасымен бірге тұрған. Сөзінше, бір ағам әскерде болды. Бірі – Алматыда журналист, үлкен ағасы полицей болып қызмет істеген. Тағы бір ағасы қазір мектеп директоры екен. Анасы балаларына қатал қараған, ал әкесі жеті жасында дүниеден озды.

«17 жастамын. Ауылдағы Аягөз деген қыздың үйіне жиналдық. Сол үйге бізден жасы үлкен жігіттер келді. Қараша айы. Құрдастарымның арасында тұрдым. Сонда бір жігіт мені ортадан жұлып алып шықты. Қайда алып бара жатқанын білмедім, қорқып тұрдым. Басқа үйге кіргізіп, істейтіндерін істеді. Сосын таңғы төртте ішіндегі бір жігіт Жайық жағасына апарып тастады», – дейді Наташа Қалымбетова Qasqa jol YouTube арнасына берген сұхбатында.

Кейінірек болған жағдай туралы ешкімге айтпауы керек деп айтып, қорқытқан. Алайда оқиға мұнымен бітпеген көрінеді. Бұл әрекет келесі жылдың наурыз айында да қайталанған.

Сообщение 32 жыл бұрын зорлық көрдім деген әйел Тоқаевтан көмек сұрайды появились сначала на Tizgin kz.

«Жазасын алсын»: Ақтөбеде 22 жастағы жігіт оқушыны зорлады деген күдікке ілінді
Зардап шеккен қыздың әпкесі қазір сіңлісі дұрыс тамақ ішпей, емшкіммен сөйлеспей жүргенін айтқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АҒАСЫ ЖІБЕРМЕЙ ҚОЙҒАН

Ақтөбелік тұрғын Ақмарал Әжғалиева сіңлісінің зорлық көріп, оған жәбір көрсеткен ер адамның еркіндікте жүргенін айтып, шағымданды.

Оқиға биыл мамыр айында болған. Сіңлісі құрбысының үйіне барып, кейінірек үйіне қайтпақ болған. Сол кезде құрбысының ағасы қызды жібермей, зорлық көрсеткен. Осы оқиғадан соң мектеп оқушысың мінезі өзгеріп, тамағынан ас өтпей, арада бір айға жуық уақыт өткенде ағасы мен ата-анасына айтады.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Бұрын ашық-жарқын жүрген сіңілім қазір қиналып, томаға тұйық болып қалды. Ешкіммен сөйлесейді, тамақты да дұрыс ішпейді. Ол бізге айтуға қорыққан. Өйткені ол жігіт қорқытып, өлтіретінін айтқан. Әділдік орнап, жазасын алуын талап етеміз, – деді Ақмарал Әжғалиева.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі ақпаратынша, қазір осы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Күдікті қолға түсіп, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір мән-жайды анықтау үшін жан-жақты тергеу жұмысы жүріп жатыр, – делінген ведомствода.

Сообщение «Жазасын алсын»: Ақтөбеде 22 жастағы жігіт оқушыны зорлады деген күдікке ілінді появились сначала на Tizgin kz.

Ел алдында естелігін айтқан қазақ рэперінің басы бәлеге қалды
De Lacure лақап атымен танымал рэпер Әнуар Баймұхаев «Мне стыдно» шоуының эфирге шықпаған шығарылымы төңірегіндегі талқыдан кейін көптің сынына ілікті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиғаға жобаның жүргізушісі Зарина Байболованың мәлімдемесі түрткі болған. Ол рэпер қатысқан бір эпизодтың эфирге шықпағанын айтты, сөзінше, ол оқиға өзіне моральдық тұрғыдан ауыр тиген.

«Бір рэпер келіп, зорлық туралы оқиғаны айтып берді. Бұл шығарылым эфирге шықпады», – деді ол.

Жүргізуші нақты мәліметтерді ашып айтпаған. Алайда залда болған көрермендер оқиғаның өз нұсқасын жария етті.

Олардың айтуынша, De Lacure түсірілім барысында екі досы – Мироха мен Асхатпен бірге көшеде көмек сұраған әйелдің дауысын естігенін баяндаған. Кейін олар жарақат алған әйелді тауып, оған көмектесуге тырысқан. Алайда бір сәтте достарының бірі өзгелерден алыстауды сұрап, «әрі қарай мәселені өзі шешетінін» айтқан.

Көрермендердің сөзінше, осыдан кейін әйелге қатысты зорлық әрекеті болған. Ал қалғандары сол маңда болып, не болып жатқанын түсінген. Кейін желіде түсірілімнен үзінді бейне тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, онда рэпер әйелдің баспанасыз болуы мүмкін екенін де айтқан.

De Lacure тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын және мұндай әрекеттерге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Рэпердің сөзінше, түсірілімде айтқан оқиғасы қате түсіндірілген.

Ол бұл оқиға мектеп кезінен қалған естелік екенін, сол кезде достарымен бірге белгісіз біреуден зардап шекті деген болжам бар әйелге көмектесуге тырысқанын айтты. Әртістің сөзінше, олардың тарапынан ешқандай зорлық әрекеті болмаған.

«Ол бізден көмек сұраған жоқ. Бір досым онымен оңаша қалды, әрі олардың арасында бәрі өзара келісіммен болды. Комиктер бірнеше рет нақтылап сұрады: бәрі өзара келісіммен болды ма деп. Мен иә, бәрі келісіммен болды деп жауап бердім», – деді рэпер.

Музыкант жанжалдың әлеуметтік желілердегі бұрмаланған пікірден туындағанын айтып, соның салдарынан БАҚ-та жалған ақпарат тарағанын алға тартты. Оның айтуынша, шоу жазбасы бұл сөздерін дәлелдей алады. Сонымен қатар De Lacure өзі таңдаған оқиғаның орынсыз болғанын мойындап, көрермендерден кешірім сұрады.

Кейін жүргізуші Зарина Байболова да жағдайға пікір білдірді. Оның айтуынша, түсірілім былтыр сәуірде Алматыда өтіп, оған жүзден астам көрермен қатысқан. Рэпердің әңгімесі көрермендер мен жоба командасын шошытқан. Байболова түсірілімді тоқтату қажет болғанын мойындады. Оның сөзінше, шығарылым тек даулы оқиғаға байланысты емес, жалпы сәтсіз деп танылғандықтан да эфирге шықпаған.

Сообщение Ел алдында естелігін айтқан қазақ рэперінің басы бәлеге қалды появились сначала на Tizgin kz.

Сот ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановты зорлық ісі бойынша соттады
22 сәуірде Алматыдағы Медеу аудандық №2 сотында зорлық жасады деп айыпталған ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановқа қатысты қылмыстық іс бойынша жабық түрде сот отырысы өтті. Шайкежанов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Сот 2025 жылдың наурыз айында Шайкежановтың «қасақана әрекет етіп, қызметкер А.-ға психофизиологиялық жағдайына әсер ететін анықталмаған зат ұсынып, оны дәрменсіз жағдайға келтіргенін» анықтады. Оның дәрменсіздігін және ерікті келісімінің болмауын пайдаланып, оның еркіне қарсы жыныстық қатынасқа түскен.

«Сонымен қатар, Шайкежанов өзінде адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) бар екенін біле тұра, жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түсіп, оны АИТВ жұқтыру қаупіне ұшыратқан. Сотталушының айыпталған әрекеттерді жасаудағы кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен және бейнежазбамен дәлелденді.

Шайкежанов кінәсін мойындамады. Жәбірленуші бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», – деп жазылған Алматы соты хабарламасында.

Шайкежановқа жаза тағайындаған кезде жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Ол айыптау бойынша кінәлі деп танылды.

«Шайкежанов Қылмыстық кодекстің 118-бабының 1-бөлігі (басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату) бойынша, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босатылды. Шайкежанов Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі (зорлау) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», – деп жазылған хабарламада.

Қаңтар айында Шайкежановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: 120-баптың 1-бөлігі (зорлау) және 118-баптың 1-бөлігі (басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупіне әдейі ұшырату). Сонымен қатар, оның адвокаты Жанар Балғабаева сот отырысы жабық өтетінін мәлімдеді.

Өткен жылдың маусым айында Шайкежанов негізін қалаған «Амировка» квир-барының бұрынғы қызметкері оны зорлады деп айыптады. Шайкежанов өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген бейнежазбаға жауап жазды. Көп ұзамай ол ұсталып, қамауға алынды.

Әмір Шайкежанов – ЛГБТ белсендісі, квир-бар мен «Амировка» қауіпсіз кеңістігінің негізін қалаушы және АИТВ-ға тестілеуді кеңейтуге арналған платформа – Amanbol жобасының директоры.

Сообщение Сот ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановты зорлық ісі бойынша соттады появились сначала на Tizgin kz.

Қызылордада зорланған жасөспірім босанды
Желіде Қызылорда облысында 16 жастағы қыз зорланғаннан кейін сәбилі болды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Арыз негізінде кәмелетке толмаған адамды зорлау және 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті дереу ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істердің бірі – 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау дерегі бойынша іс сотқа жолданды. Екінші қылмыстық іс бойынша қажетті кешенді тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процеске қатысушылардың уәждері тексеріліп, дәлелдемелер жиналып, талдау жүргізіледі. Тергеу органдары істің мән-жайын мұқият анықтап, зерделеуге кірісті. Толық және жан-жақты тергеу нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады, – делінген хабарламада.

Сообщение Қызылордада зорланған жасөспірім босанды появились сначала на Tizgin kz.

Уәде етілген жұмыс тұзаққа айналған: 18 жастағы қазақстандық зорланғанын мәлімдеді
Шымкентте әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздемек болған 18 жастағы студент зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Уәде етілген жұмыс интим қызмет көрсетуге мәжбүрлеумен аяқталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

ЖӘБІРЛЕНУШІ НЕ ДЕЙДІ

Жәбірленушінің айтуынша, қала тұрғындарының бірі оған қатысты зорлық-зомбылық әрекет жасаған. Бұл ретте бойжеткеннің туыстары күдікті де, ұйымдастырушылар да осы уақытқа дейін жауапқа тартылмағанын алға тарттып отыр.

Аты-жөнін жасыруды өтінген жәбірленуші оқиғаның былтыр жазда болғанын айтып берді. Ол әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға жауап беріп, айтылған ғимаратқа барған. Алайда онда “боди-массаж” қызметі көрсетілетіні белгілі болған. Ал қыз ол жерден шыға алмай қалған, оны күштеп ұстаған.

“Мені ішке күштеп кіргізді. Сыртқа шықпақ болғанымда, есіктің алдында күзетшілер тұрды. Жылап, айқайлағаныма қарамастан, бір жігіт жібермей ұстап тұрды. Сосын маған ешкім тиіспейді, тек массаж жасасаң болды деп уәде берген соң келістім. Басынан-ақ бас тартуым керек еді”, – дейді жәбірленуші.

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН ШАРА ҚОЛДАНДЫ МА

Қыздың арыз-шағымына қарамастан, ғимарат монша ретінде жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді. Қыздың ата-анасы құзырлы органдардың осы уақытқа дейін ешқандай шара қолданбағанына наразы. Олар өз өміріне қауіп төне ме деп қорыққандықтан, журналистермен кездесуге бастарын орап келген.

“Бұл қашан бітеді? Егер ертең қызымды шетелге күштеп әкетсе немесе өлтіріп кетсе, мен не істеймін? Егер істі тоқтатпасаңдар, көздеріңді жоямыз деп бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті”, – деді жәбірленушінің анасы.

Жәбірленушінің отбасы тек зорлық-зомбылық жасаған ер адамды емес, қызды алдап шақырған ұйымдастырушыларды да жауапқа тартуды талап етті. Сондай-ақ, туыстары істі сотқа өткізуді тездетуді сұрайды, делінген сюжетте.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Бұл ретте Шымкент Полиция департаменті зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Күдікті тұлға ұсталып, полицияға жеткізілді”, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп толықтырды ведомство.

Сообщение Уәде етілген жұмыс тұзаққа айналған: 18 жастағы қазақстандық зорланғанын мәлімдеді появились сначала на Tizgin kz.