Оқиға

32 жыл бұрын зорлық көрдім деген әйел Тоқаевтан көмек сұрайды

Осыдан 32 жыл бұрын бірнеше жігіт зорлады деп мәлімдеп жасаған Наташа Қалымбетованың айтуынша, төрт ай бұрын басынан өткен оқиғаны баяндап бергеннен кейін полиция әйелді Қазақстанға шақырды. Жазған арызы тіркелгенімен, ешқандай нәтиже болмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«ҚЫЗЫМНЫҢ ҚАЙДА ЕКЕНІН БІЛМЕЙМІН»

Оның сөзінше, куәгерлер мен дәлел жоқ деген желеумен іс әлі бір орында тұр.

«Сол ер адамдардың әрекетінен 1995 жылы дүниеге келген қызым қазір жалғыз дәлелім болып тұр. Болжамдарға сәйкес, қызым дін-аман, Америкада тұрып жатыр», – дейді әйел.

Енді ол президенттен істі жеке бақылауына алуын сұрап отыр. Сол арқылы Қазақстанда күн сайын болатын зорлық әрекетін тоқтатқысы келетінін жеткізді.

«Мұндай жағдаймен 32 жыл бұрын ұшырастым. Қызымның нақты қайда екенін білмей өмір сүріп келемін», – дейді Қалымбетова.

ОҚИҒА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ДА ҚАЙТЛАЛАНҒАН

Әйелдің сөзінше, оқиға ол 17 жаста болғанда тіркелген. Ол кезде Наташа Батыс Қазақстан өңіріндегі ауылда анасымен бірге тұрған. Сөзінше, бір ағам әскерде болды. Бірі – Алматыда журналист, үлкен ағасы полицей болып қызмет істеген. Тағы бір ағасы қазір мектеп директоры екен. Анасы балаларына қатал қараған, ал әкесі жеті жасында дүниеден озды.

«17 жастамын. Ауылдағы Аягөз деген қыздың үйіне жиналдық. Сол үйге бізден жасы үлкен жігіттер келді. Қараша айы. Құрдастарымның арасында тұрдым. Сонда бір жігіт мені ортадан жұлып алып шықты. Қайда алып бара жатқанын білмедім, қорқып тұрдым. Басқа үйге кіргізіп, істейтіндерін істеді. Сосын таңғы төртте ішіндегі бір жігіт Жайық жағасына апарып тастады», – дейді Наташа Қалымбетова Qasqa jol YouTube арнасына берген сұхбатында.

Кейінірек болған жағдай туралы ешкімге айтпауы керек деп айтып, қорқытқан. Алайда оқиға мұнымен бітпеген көрінеді. Бұл әрекет келесі жылдың наурыз айында да қайталанған.

Back to top button