«Жазасын алсын»: Ақтөбеде 22 жастағы жігіт оқушыны зорлады деген күдікке ілінді
Зардап шеккен қыздың әпкесі қазір сіңлісі дұрыс тамақ ішпей, емшкіммен сөйлеспей жүргенін айтқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.
АҒАСЫ ЖІБЕРМЕЙ ҚОЙҒАН
Ақтөбелік тұрғын Ақмарал Әжғалиева сіңлісінің зорлық көріп, оған жәбір көрсеткен ер адамның еркіндікте жүргенін айтып, шағымданды.
Оқиға биыл мамыр айында болған. Сіңлісі құрбысының үйіне барып, кейінірек үйіне қайтпақ болған. Сол кезде құрбысының ағасы қызды жібермей, зорлық көрсеткен. Осы оқиғадан соң мектеп оқушысың мінезі өзгеріп, тамағынан ас өтпей, арада бір айға жуық уақыт өткенде ағасы мен ата-анасына айтады.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ
Бұрын ашық-жарқын жүрген сіңілім қазір қиналып, томаға тұйық болып қалды. Ешкіммен сөйлесейді, тамақты да дұрыс ішпейді. Ол бізге айтуға қорыққан. Өйткені ол жігіт қорқытып, өлтіретінін айтқан. Әділдік орнап, жазасын алуын талап етеміз, – деді Ақмарал Әжғалиева.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі ақпаратынша, қазір осы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Күдікті қолға түсіп, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір мән-жайды анықтау үшін жан-жақты тергеу жұмысы жүріп жатыр, – делінген ведомствода.