Оқиға

Қызылордада зорланған жасөспірім босанды

Желіде Қызылорда облысында 16 жастағы қыз зорланғаннан кейін сәбилі болды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Арыз негізінде кәмелетке толмаған адамды зорлау және 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті дереу ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істердің бірі – 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау дерегі бойынша іс сотқа жолданды. Екінші қылмыстық іс бойынша қажетті кешенді тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процеске қатысушылардың уәждері тексеріліп, дәлелдемелер жиналып, талдау жүргізіледі. Тергеу органдары істің мән-жайын мұқият анықтап, зерделеуге кірісті. Толық және жан-жақты тергеу нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады, – делінген хабарламада.

Back to top button