Архивы нәресте - Tizgin kz

АҚШ-та К дәрумені екпесінен бас тартудың салдарынан нәрестелер өлімі көбейіп барады
АҚШ-та жаңа туған нәрестелеріне К дәрумені екпесін салдырудан бас тартатын ата-аналар саны екі есе өсті. Ғалымдар мұндай шешім сәбилердің өміріне қауіп төндіріп, ауыр қан кету мен өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

JAMA медициналық журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2017 жылы К дәрумені екпесінен бас тартқан ата-аналардың үлесі 3,1% болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,8%-ға жеткен.

Ғалымдар екпе алмаған нәрестелердің миына және асқазан-ішек жолдарына қан кету қаупі айтарлықтай жоғары екенін анықтады. Мұндай сәбилердің қан кету салдарынан босанғаннан кейін ауруханада жатқан кезінде қайтыс болу ықтималдығы да екі еседен астам жоғары.

«Кейбір ата-аналар табиғи емдеу жолдарын таңдағандықтан, екпеден бас тартады. Олар екпе баласына пайда әкелмейді, ағзасына зиян тигізеді немесе аллергия тудырады деп қорқады», – дейді зерттеу авторы, Филадельфия балалар ауруханасының маманы Кевин Дайсарт.

Зерттеу барысында АҚШ-тың барлық 50 штатындағы 5,2 миллион нәрестенің денсаулығына қатысты деректер қаралған. Нәтижесінде К дәрумені екпесін алмаған әрбір 114 нәрестенің бірінде алғашқы алты айда қан кету жағдайы кездесетіні анықталған.

Айта кетейік, К дәрумені қанның ұюына көмектеседі. Ол жетіспеген жағдайда нәрестенің ағзасында қан кету пайда болып, жүйке жүйесі зақымдануы мүмкін. АҚШ-та мұндай асқынулардың алдын алу үшін жаңа туған сәбилерге К дәруменін егу тәжірибесі 1961 жылдан бері қолданылып келеді.

Сообщение АҚШ-та К дәрумені екпесінен бас тартудың салдарынан нәрестелер өлімі көбейіп барады появились сначала на Tizgin kz.

Баланы туа сала сүндеттеуге болмайды – уролог-андролог себебін түсіндінді
Қазақстанда ұл баланы дүниеге келгеннен кейін бірден сүндетке отырғызу үрдісі байқалады. Алайда уролог-андролог Азамат Сандыбайұлы медициналық көрсеткіш болмаса, нәрестені туа сала сүндеттеуге қарсы екенін айтты. Маман баланы 3–5 жасында сүндеттеген дұрыс деп есептейді. Ол бұл туралы MedRoom подкастына айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz

«Баланы 3–5 жасында сүндеттеген дұрыс»

Азамат Сандыбайұлының айтуынша, медицинада сүндеттеу «циркумцизия» деп аталады. Бұл – жыныс мүшесінің басын жауып тұратын күпекті хирургиялық жолмен алып тастау отасы.

Дәрігер сүндеттеудің діни және медициналық себептері бар екенін түсіндірді. Қазақстанда ұл балаларды сүндеттеу мұсылмандық дәстүрмен байланысты болса, мұндай дәстүр кең таралмаған елдерде ота көбіне медициналық көрсеткіштер бойынша жасалады. Атап айтқанда, жыныс мүшесінің басы мен күпегіне байланысты кейбір аурулар, патологиялық фимоз және басқа да медициналық жағдайлар сүндеттеуге негіз болуы мүмкін. Маманның пікірінше, медициналық қажеттілік болмаса, баланы дүниеге келген бойда сүндеттеуге асықпаған жөн.

«Медициналық көрсеткіш болмаса, туа сала сүндеттеуге қарсымын, себебі баланың жыныс мүшесі де қолы мен аяғы сияқты дамиды. Үш жасқа келгенде бала ширай бастайды, өкпесі мен жүрегі жетіліп, тілі шығады. Сондықтан 3–5 жаста сүндеттеген дұрыс», – деді уролог-андролог.

Оның айтуынша, сүндеттеудің бірнеше әдісі бар. Ота жасау тәсілін таңдағанда баланың жасы мен анатомиялық ерекшеліктері ескерілуі керек.

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу: дәрігер неге қарсы

Азамат Сандыбайұлы жаңа туған нәрестені сүндеттеу еврей халқының діни дәстүрінде бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, соңғы уақытта Қазақстанда да ұл баланы дүниеге келгеннен кейін бірден сүндетке отырғызу үрдісі байқалады, алайда маман мұндай тәжірибені құптамайды. Ол жаңа туған нәрестелер ауырсынуды сезбейді деген пікірмен де келіспейтінін жеткізді.

«Туа сала бала ештеңе сезбейді, жүйке жүйесі ол кезде дамымаған деп айтады, бірақ жаңа туған бала не сезгенін қалай айтып береді?» – деді дәрігер.

Айта кетейік, медициналық деректер жаңа туған нәрестелердің ауырсынуды сезетінін растайды. Сондықтан сүндеттеу кезінде баланың жасына қарамастан ауырсынуды басудың тиімді әдістері қолданылуы тиіс.

«Сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған балалар бар»

Уролог-андролог сүндеттеудің хирургиялық ота екенін және оның ықтимал асқынуларын естен шығармау қажеттігін айтты. Маманның пікірінше, мұндай отаны уролог-андрологтер немесе тиісті біліктілігі бар хирургтер жасауы керек. Әсіресе баланың жыныс мүшесінде қандай да бір патология анықталса, бейінді маманның тексеруі маңызды.

«Бұл да – ота. Отаның үлкені немесе кішісі болмайды. Оның асқынулары болады», – деді дәрігер.

Азамат Сандыбайұлы сүндеттеуден кейін ауыр асқынуларға ұшыраған балалар кездесетінін де айтты.

«Халық білмеуі мүмкін, бірақ біз, мамандар, сүндеттелген соң қайтыс болған балалар бар екенін білеміз. Ондай статистика Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда да бар. Сүндеттің асқынулары бір айналдырса – шыр айналдырады», – деді ол.

Медициналық мәліметтерге сәйкес, сүндеттеуден кейін қан кету, жараның инфекциялануы, жыныс мүшесінің зақымдануы және басқа да асқынулар болуы мүмкін. Дәрігер ата-аналарды сүндеттеуді қарапайым дәстүрлік рәсім ретінде ғана қабылдамай, оның медициналық жағына да жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сообщение Баланы туа сала сүндеттеуге болмайды – уролог-андролог себебін түсіндінді появились сначала на Tizgin kz.

Астанада қонақүйдің кәрізінен нәресте табылды: күдікті әйел ұсталды
Астанада тұрғындарды шошытқан оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс бойынша тергеуді бастады. Қонақүйдің кәріз жүйесінен нәресте табылып, оған қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлеуметтік желідегі Threads платформасында елорда азаматы тұрғын үйдің жанында орналасқан қонақүйге қатысты шағым жариялаған. Оның айтуынша, тұрғындар аталған нысанға байланысты полицияға бірнеше рет жүгінген.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, қонақүйге келген әйелдердің бірі бөлмедегі дәретханада босанып, кейін жаңа туған нәрестені кәріз ағызғышына тастаған. Кейін кәріз жүйесінен шамамен алты айлық ұрықтың белгілері бар нәресте табылғаны айтылған.

Астана қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлға анықталған.

Кейін полиция күдікті ретінде 29 жастағы әйелдің ұсталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері аталған қонақүйге қатысты «102» арнасына 19 хабарлама түскен. Тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін тағы 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция қонақүй иесіне құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізген. Қазіргі уақытта аталған нысан полицияның ерекше бақылауына алынған.

Сообщение Астанада қонақүйдің кәрізінен нәресте табылды: күдікті әйел ұсталды появились сначала на Tizgin kz.

Ақтөбеде қоқыс жанынан табылған сәби патронаттық отбасына берілді
Дәрігерлер ауруханада жатқан кезінде сәбиге Батыр есімін берген. Қазір ол патронаттық отбасының тәрбиесіне берілді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы diapazon.kz-ға сілтеме жасап.

Нәрестені отбасына бермес бұрын оған бір айға жуық уақыт «Үміт» балалар үйінде күтім жасалған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сәбиге ауруханада жатқан кезде есімі мен тегі қойылған.

«Баланың дені сау, сабырлы, тәбеті жақсы. Естелік ретінде суретке түсіп, жылы лебізбен шығарып салдық. Батыр «Үміттегі» ең кішкентай балалардың бірі болды. Ол келген күндері бізге облыстық перинаталдық орталықтан тағы бір жаңа туған сәби жеткізілген еді. Өткен аптада ол да отбасына берілді», – деді «Үміт» балалар үйінің бас дәрігері Серік Айтукин.

Дәрігерлердің айтуынша, «Үмітке» ауыстырылғанға дейін үш апта ішінде нәресте 550 грамм салмақ қосқан. Ал ауруханаға түскен кездегі салмағы небәрі 2990 грамм болған.

«Бұл баланың аман қалуы үлкен сәттілік. Пакетке балалардың көзі түскенінің арқасында сәби құтқарылды. Жаңа туған нәресте оттегісіз ұзақ уақыт жата алмас еді. Бізге оны полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жедел жәрдем жеткізді. Баланың денесі қатты тоңып қалғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Көптеген адам хабарласып, оны асырап алуға бола ма деп сұрады. Қазір оның отбасына берілгеніне қуаныштымыз», – деді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Наталья Головырина.

Еске салсақ, 2026 жылдың 23 мамырында Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған қыз көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінің маңынан пакетке салынған жаңа туған нәрестені тауып алған. Ол бұл туралы ата-анасына айтып, олар полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған.

Кейін сәби жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның денесі қатты тоңып қалғанын хабарлаған.

Осы факті бойынша өңірлік полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 119-бабы («Қауіпті жағдайда қалдыру») бойынша қылмыстық іс қозғады. Баланың анасы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сообщение Ақтөбеде қоқыс жанынан табылған сәби патронаттық отбасына берілді появились сначала на Tizgin kz.

Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырды
23 мамырда таңғы сағат 8:15-те Павлодар қаласының 103 жедел жәрдем қызметіне 42 жастағы әйел ішінің қатты ауырсынуына шағымданып қоңырау шалған. Әйел жүктілік бойынша тіркелмеген болып шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы pavlodarnews.kz-ға сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін тоғыз минуттан кейін жедел жәрдем шақырушының үйіне барған. Әйелдің суы ағып кеткендіктен,  пәтерінде босануға көмектесуге тура келген.

Салмағы – 3 келі, бойы – 50 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте анасымен бірге облыстық перинаталдық орталыққа апарылды.

«Үйде босану, әсіресе, әйел тіркелмеген және қажетті тексерулерден өтпеген болса – кез келген сәтте қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Ауруханадан тыс жерде көп мөлшерде қан кету, ұрықтың асфиксиясы немесе бала жолдасының ажырауы сияқты маңызды асқынуларды уақтылы анықтау және алдын алу мүмкін емес», – дейді Павлодар қаласының 103 жедел жәрдем қызметінің медициналық сарапшысы Меруеет Садықова.

Сообщение Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырды появились сначала на Tizgin kz.

Семейде қоқыстан табылған нәрестенің анасы үйқамаққа жіберілді
Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған іс бойынша анасы мен оның танысы тергеу кезінде елден шықпау туралы қолхатпен босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Абай облыстық полиция департаменті растады.

Неліктен олар уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалмады деген сұраққа полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, соның ішінде баланың өлім себебі анықталуы қажет екенін түсіндірді.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осыдан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады”, – деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ полиция өкілдері кінәлі адамдар жауапкершіліктен құтылмайтынын, кінәсі дәлелденген әр адам заң бойынша тиісті жазасын алатынын атап өтті.

Сообщение Семейде қоқыстан табылған нәрестенің анасы үйқамаққа жіберілді появились сначала на Tizgin kz.

127 ұл мен 127 қыз: Қазақстанда Жаңа жыл түні 254 нәресте өмірге келді
Қазақстанның перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді.

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте туған өңірлер: Түркістан облысы – 29 бала, Шымкент қаласы – 24, Астана – 22 және Алматы қаласы – 21.

Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады.

Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Сообщение 127 ұл мен 127 қыз: Қазақстанда Жаңа жыл түні 254 нәресте өмірге келді появились сначала на Tizgin kz.