Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырды
Үш күн ішінде облыстық жедел жәрдем станциясына 2200-ден астам қоңырау түскен.
23 мамырда таңғы сағат 8:15-те Павлодар қаласының 103 жедел жәрдем қызметіне 42 жастағы әйел ішінің қатты ауырсынуына шағымданып қоңырау шалған. Әйел жүктілік бойынша тіркелмеген болып шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы pavlodarnews.kz-ға сілтеме жасап.
Медицина қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін тоғыз минуттан кейін жедел жәрдем шақырушының үйіне барған. Әйелдің суы ағып кеткендіктен, пәтерінде босануға көмектесуге тура келген.
Салмағы – 3 келі, бойы – 50 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте анасымен бірге облыстық перинаталдық орталыққа апарылды.
«Үйде босану, әсіресе, әйел тіркелмеген және қажетті тексерулерден өтпеген болса – кез келген сәтте қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Ауруханадан тыс жерде көп мөлшерде қан кету, ұрықтың асфиксиясы немесе бала жолдасының ажырауы сияқты маңызды асқынуларды уақтылы анықтау және алдын алу мүмкін емес», – дейді Павлодар қаласының 103 жедел жәрдем қызметінің медициналық сарапшысы Меруеет Садықова.