Ақтөбеде пакеттен табылған баланың есімін Батыр деп қойды
Ақтөбеде көшеде пакеттен табылған сәби Балалар үйіне жіберілетін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Оны осында алғаш әкелгенде салмағы 2 келі 900 грамм болса, қазір салмағы 3 келіден асты. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы әлі де орташа деңгейде деп бағаланып отыр. Бірақ барлық талдау қалыпты көрсеткіш көрсетіп тұр.
«Баланың салмағы жасына сәйкес артып келеді. Қазір мүлікті қорғау органдары мен полиция қызметкерлерімен бірге қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Осы жұмыс аяқталған соң ол «Үміт» Балалар үйіне жіберіледі», – деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім меңгерушісі Алия Шарбақова.
Кішкентайға Батыр деген есім қойды.
Айта кетейік, сәби 23-мамыр күні ағаш түбіндегі пакеттен табылған болатын. Оны құрбысымен серуендеп жүрген оқушы көріп қалған.