Жаңалықтар
Сырымбек Тау Құрылтай сөзінің тарихы жайлы маңызды деректі айтты
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Құрылтайдың тарихи мәніне тоқталып, ел үшін маңызды кезеңдерде өткеннен сабақ алудың маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кәсіпкер осыдан 300 жыл бұрын өткен Ордабасы құрылтайын мысалға келтірді.
«Құрылтай сөзі өте әдемі, иә? Енді қарасақ, осыдан тура 300 жыл бұрын 1726 жылы Әбілқайыр хан Ордабасы құрылтайын жасаған. Ол биыл, мысалы, тура 300 жыл болды. Енді сол жерде жоңғарлар шапқыншылығына қарсы тұру үшін үш жүздің басын қосқан. Сондықтан біз ешқашан тарихи сәттерді ұмытпауымыз керек. Тарихи сәттерде жіберген қателігімізді, ұтқан жерімізді қарап отыруымыз керек», – деді Сырымбек Тау.