TOP-2ЖарнамаҚоғам

Сыйға тартылған пәтер үшін салық төлеу қажет пе

Жеке тұлғадан сыйға, мұраға немесе тегін алынған мүлік салық салынатын кіріске жатпайды. Сол үшін сыйлыққа пәтер алған адам жеке табыс салығын (ЖТС) төлемейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті берген түсініктемеде осы жағы анық жазған. Дегенмен аталған ереже жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін алған мүлігіне қолданылмайды.

Пәтер сатқанда салық қалай есептеледі

Меншік құқығында сыйға тартылғанына екі жылдан аз болған пәтер биыл сатылса, салық салынатын кіріс пайда болуы мүмкін. Бұл кіріс сату мен бағалау бағасы арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

Мұндағы бағалау құны – мүлік салығын есептеу үшін айқындалған құн саналады. Ол меншік құқығы пайда болған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынады.

Егер мүлік осы жылдың 1 қаңтарына дейін өтеусіз алынып, 1 қаңтардан кейін сатылса, меншік құқығының 1 жылдан аз мерзімі қолданылады.

Сатып алу құны қалай белгіленеді

Тегін алынған мүлікті сатқанда сатып алу құны болмайды. Сол себепті құн өсімінен түсетін кіріс мүлік сату бағасының мөлшерінде анықталады.

Салық кодексінде сатып алу құны орнына келесі мәндер қолданылатын жағдайлар бар:

  • Нарықтық құн – меншік құқығы пайда болған күндегі мүліктің құны. Ол бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шартқа сәйкес жүргізілген бағалау есебімен айқындалады;
  • Бағалау құны – Мемлекеттік корпорация салық есептеу үшін меншік құқығы пайда болған жылдың 1 қаңтарына белгілеген құн;
  • Кадастрлық (бағалау) құны – мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация белгілеген құн.
Back to top button