Қарасай ауданындағы төбелес: пышақтады деген күдікті қамауға алынды
Тергеу барысы бақылауда.
Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылында бір топ жігіттің көшеде төбелескен видеосы тарады. Төбелес кезінде суық қару қолданылған. Оқиғаның мән-жайына қатысты Алматы облыстық полиция департаменті мәлімет берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«1 мамыр күні Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Тұрар ауылының тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға жүгінді. Анықталғандай, ол жарақатты туған күнді атап өту кезінде жергілікті тұрғындармен болған тұрмыстық жанжал барысында алған. Қылмыстық істер екі тарапқа да қатысты тергелуде», – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, оқиғаға қатысушылардың көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды.
Тергеу барысы бақылауда. Кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram