Жаңалықтар
Сот Оразалы Ержановтың бостандығын 4 жылға шектеді

Бұған қоса, 5 жыл қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салды. Осылайша прокурор сұраған жазаны толық берді, деп жазады Азаттық.
Қоғам белсендісі ақпан айында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарынан кейін ұсталған. Алматы полициясы интернеттен «жалған ақпарат пен референдумды бойкоттауға шақырулар бар материалдарды» анықтағанын мәлімдеген.
Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Референдум болмай тұрып, Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасын сынап, бірнеше рет әртүрлі БАҚ-қа сұхбат берген болатын.